Тұмауға қарсы мобильді топтар жұмыс істеуде

Oinet.kz 02-11-2022 186

Blowing-Nose_AdobeStock_189107027-1024x683-1.jpeg

Жаз, күз өтіп, қыс лебі сезіле бастаған кезде тұмауратушылардың көбейетіні белгілі. Осыған орай, Төлеби ауданы аумағында вирусты инфекциямен аурудың алдын-алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, қазіргі кезде барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ғимаратында тұрғындардың дене қызуын өлшеп, кварцталған шлюз қойылған. Сондай-ақ, жіті респираторлық вирусты инфекциямен, тұмаумен ауырған жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды ерте анықтау мақсатында аула аралап жұмыстары күшейтіліп, анықталған науқастарға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бұған қоса, тұмау белгісі анықталғандар ПТР сынамасы алынуда. Барлық денсаулық сақтау ғимараттары толық фильтр бөлмелерімен жабдықталды. Қазіргі кезде тұмау ауруына шалдыққан науқастармен жұмыс істейтін 11 дәрігерлік мобильді топ бар. Топ түскен шақыртуларға дер кезінде барып, көмек беруде. Сондай-ақ, тұмауды емдеу үшін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоры емханаларға толық көлемде жеткізілген. Жіті респираторлық вирусты инфекция мен тұмаудың алдын-алу мақсатында 10681 доза Гриппол плюс екпесі салынды. Аудан аумағында денсаулық сақтау ғимараттарында ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдарды оқшаулайтын арнайы бөлме қарастырылған. 

Бұл жөнінде Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Умарова, Ленгір қалалық емхананың бас дәрігері Ерғали Алимбаев аудан әкімінің төрағалымен өткен әкімдік мәжілісінде баяндады. 

Аудан әкімі Төлеген Телғараев жіті респираторлық вирустық инфекциялар тобына кіретін жұқпалы аурудың алдын-алу шараларына қатысты сұрақтар қойып, дәрі-дәрмек бағасын бақылау мен қадағалауды тапсырды. 

Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының 2022 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндады. Бүгінгі күнге дейін ауданның кіріс бөлігі жоспардан 116 пайызға артығымен орындалса, оның нақты игерілуі 100 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп саласында 30 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 11 млрд 784 млн теңгені құрады. Ауылшаруашылық саласындағы өнім көлемі 45 млрд 595 млн теңгеге жеткен. Мал шаруашылығы саласында 25 млрд 162 млн теңгенің өнімі өндірілген. 

Төлеби ауданы бойынша 2022 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы бойынша рейтинг түзілді. Қала, ауылдық округ әкімдерінің қызметін бағалау үшін негізгі 13 рейтинг көрсеткішінің 5 –і бойынша жұмыс нәтижесін жақсартуды қажет етеді. 

Аталған мәселе бойынша аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы орын алған кемшіліктерді талқылай келе, жұмысын өз деңгейінде көрсете алмаған округ әкімдеріне оны жандандыруды талап етіп, уақыт берді. Белгіленген мерзімде көрсеткішті жақсарта алмағандарға шара көруді ұсынды. 

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, әкімдіктің арнайы қаулысы қабылданды. 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бір мөлтекауданға 9 ойын алаңшасы
Мемлекеттік грант-бастапқы капитал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу