Балабақшада робототехниканың қыр-сырын үйретеді
Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан “Бал-Мерей” бөбекжай балабақшасында “Білімді балалар-еліміздің болашағы” атты ашық есік күні өтті. Балабақшада көлеңкелі театр, STEAM, робототехника, Мария Монтессори, Суджок кабинеттерімен жабдықталған. Балабақшада гидропоника кабинеті де жұмыс істейді. Мұнда тәрбиеленушілер өсімдіктің өсу процессін бақылай алады. Ол үшін арнайы жабдық та сатып алынған. Бұл дегеніміз өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада — қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру. Өсімдікті топырақсыз өсірудің бірнеше тәсілі де бар.
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымында этнопедагогикаға арналған арнайы бөлме де бар. Балалар мұнда ұлттық салт-дәстүрімізбен таныса алады дейді балабақшаның құрылтайшысы Аманкүл Карабекова.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы балалардың зияткерлік қабілетін арттыруды мақсат еткенбіз. Қазіргі таңда балабақшамызда 60-тан аса қызметкер жұмыс жүргізуде. 30-ға жуық педагог, олардың ішінде 24 тәрбиеші, логопед, музыка, денешынықтыру жетекшілері, тілші мұғалімдер де бар. Ашық есік күнінің мақсаты жаңартылған технологияларды қолдана отырып,арнайы жабдықталған кабинеттерде ойлау қабілеттерін коммуникативтік дағдыларын,танымдық зияткерлік дағдыларын,шығармашылық және зерттеу іс-әрекетін дамыту, - дейді балабақшаның құрылтайшысы.
Айта кету керек аталған балабақша 2012 жылдың мамыр айынан бері өз жұмысын жүргізуде. Балабақшада қазіргі таңда 300 бала тәрбиеленуде.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі