Орталық зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді

Oinet.kz 02-11-2022 341

25.jpg

Ағымдағы жылдың 1 наурызында жұмысын бастаған Түркістан облысы Келес ауданындағы  "Қазыналы қария - Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жыл басынан бері 320 зейнеткерлерге тиісті көмектер берілген. Атап айтқанда, терапевт дәрігерінің кеңесі, массаж, психолог көмегі, тұз шахтасы сынды емдік көмек көрсетіліп, кітапханадан қажетті ілімдерін алған. Сонымен қатар спорт шараларынан шахмат, нарды, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, бильярд және қол өнер үйірмесі сынды қызмет түрлері көрсетілді.

- Бүгіннен бастап 80 зейнеткер орталығымызға келіп, өздеріне қажетті қызметтерді алуда. Жылдық жоспарымыз 400 зейнеткерге қызмет көрсету. Алдағы уақытта қызмет алушыларға арналып орталық жанынан қосымша емдік бөлмелермен толықтырылады. Атап айтар болсақ, физо емдік бөлмесі, ингаляции бөлмесі қосылуда, - дейді мекеме директоры Айгерім Төлепбергенова. 

Аталған орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 85 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті қызметтерін алды. Жыл соңына дейін тағы 10 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті көмектері берілуі жоспарланған. 

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақтааралдың әкімі көшпелі кездесу өткізді
Келестік оқушы тың тақырыпта зерттеу жүргізуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу