Ерекше жандарға ерекше жағдай жасалуда

Oinet.kz 25-08-2022 202

Screenshot_25.png

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Тағдырдың сынына ұшыраған жандарға тек материалдық көмекпен шектелмей, оларға рухани демеу көрсетіп, ортаға бейімдеу аса маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында да айтып жүр.

 Қоғамның мұндай мүшелеріне Түркістан қаласында да көмек көрсетіліп келеді.  Салаға жауапты мамандардың сөзіне сенсек Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар сегіз мыңнан аса  азамат бар. Оның ішінде 5390-на оңалтудың жеке бағдарламасы түзілген. 

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 271 азамат протез ортопедиялық құралдар, 106- сурдо техникалық, 275 тұрғын тифло техникалық құралдар алса, 255- і арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі. 

Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 95-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген. 

Биылғы жылы шипажайға емдеуге 632 адам жолдама алса, 1477 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген. 

Ал, автокөлікпен тасымалдау үшін 7 инватакси 2 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін инватакси қызметін ерекше қажеттілігі бар 143 азамат, әлеуметтік такси қызметін 8 зағип жан қолданған.

Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарды жұмыспен қамту үшін шаһарда биыл 77 квота бөлінген. Бүгінде аталған квота аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Түркістан қаласында спортпен шұғылданушылар 70 мыңға жуықтады
«Түркістанды көргім келеді» жобасы қорытындыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу