Түркістан қаласында спортпен шұғылданушылар 70 мыңға жуықтады
Қазақстан халқына арнаған алғашқв Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен қаржыландыруды доғарып, бұқаралық спорт пен балалар, жасөспірімдер спортын дамыту туралы айтқан болатын. Тоқаев салауатты өмір салтының басымдығын қайталады. Сондай-ақ оның тапсырмасымен жыл басында алдағы бесжылдыққа арналған дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Енді акцент кәсіпқой спорттан балалар мен жасөспірімдер спортына ауысады.
Президент нақтылаған бағыттарда Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыс жетерлік. Сала мамандарының мәліметінше Түркістан қаласында спортпен шұғылданушы тұрғындар саны - 70 мыңға жуықтаған. Салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында шаһарда түрлі жобалар жүзеге асырылуда.
Аптасына әр сектордың ашық алаңшаларында таңғы жаттығулар ұйымдастырылып, қалаішілік спорттық жарыстар өткізілуде.
Жыл басынан бері қалада он көшеде жаттығу алаңшасы салынған. Оның жетеуі стритворкауд, 3 стритболл алаңшасы.
Қазіргі таңда облыс орталығында - 231 спорт нысаны бар. Атап айтқанда: 1- спорт сарайы, 3 - стадион, 4 - спорт кешені, 139 - спорт ойын алаңы мен 10 - теннис корты жұмыс жасаса, сонымен бірге, 6- бассейн, 64 ашық спорт алаңшасы мен 69 спорт залы тұрғындар игілігіне жарауда.
Шаһарда спорттың 12 түрінен үйірмелер жұмыс жасайды. Олар: волейбол, бокс, таэквандо, тоғызқұмалақ. Одан бөлек, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрестен де үйірмелер ұйымдастырылған.