Әрбір құрылыс барысында ең алдымен тұрғындарға қолайлы жағы қаралу қажет

Oinet.kz 27-08-2022 780

Screenshot_14.png

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" Жарлығына байланысты қаладағы Тәттімбетов, С.Торайғыров, Ш.Уәлиханов, Бала бүргем көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында шаһар басшысы қалада атқарылатын жұмыстарға тоқталып, халықты мазалап жүрген сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, уақытты қажет ететін мәселелерді келесі кездесу барысында баяндайтынын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан аулаларға ойын алаңшасының жетіспеушілігі, қоғамдық көліктің уақытылы жүрмеуі, көше бойларына жарық орналастыру керектігі мен газға қосылу жағы айтылды.

Кездесу барысында бұдан бөлек бірқатар сұрақтар қойылды. Осының негізінде жағдайды зерделеу және шаралар қабылдау үшін жоспар жасалады. Сондай-ақ, қаладағы тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген  мәселерді шешу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бойынша қала басшысы жіті назарына алған. Бүгінгі таңға дейін, қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы қалаға қарасты төрт ауыл және бірнеше көшелер мен елді-мекен тұрғындарымен кездесті.

Шаһар басшысы сондай-ақ қаладағы құрылысы бастау алған Шұғыла мөлтек ауданындағы 6,7,8 көшелеріне барды. Онда жүріп жатқан құрылыс жұмыстың барысын бақылады. Қәзіргі таңда аталған көшелдердің жол құрылысы жүруде.

Жұмыс барысында кезіккен кемшіліктерді байқаған қала басшысы мердігер мекемеге ескертулер жасады. Жол құрылысы барысында тұрғындардың үй құрылыс жүргізуіне ыңғайлы әрі қолайлы болуы қажет деді. Әрбір құрылыс сол деңгейде атқарылу керектігін сала басшысына тапсырды.

Айта кетейік, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

«Ащысай түсті металл» комбинатына 95 жыл
Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу