Хантағыда жаңа мөлтек аудан құрылады

Oinet.kz 23-08-2022 332

Screenshot_23.png

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының даму жоспары екі кезеңнен тұрады. Бұл жайында Хантағы ауылының әкімі Асхат Байбеков  аппараттық жиында баяндады. Жалпы қазіргі таңда ауылдың аумағы 1610 га құраса, халқының саны 6364 адамды құрап отыр. 

2022-2031 жылдар аралығында ауылдың даму жоспары екі кезеңге бөліп қарастырылуда. Бірінші кезеңде халықтың ұзақ уақыт бойы өзекті мәселелеріне айналған коммуналдық, инфраструктуралық, тұрғын үй қорын жаңғырту, абаттандыру мен адами капиталдың әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту. Яғни, коммуналдық мәселелер бойынша  2025 жылға дейін 5,2 шақырым жаяу жүргінші жолдарын жөндеу, 179 дана жарық нүктелерін орнатып көшелерді жарықтандыруды 100 %-ға орындау, 2023 жылдың соңына дейін 75 дана қоқыс тастайтын контейнерлер орнату, 2023-2026 жылдары ауыл аумағына балалар ойын алаңшалары мен Хантағы ауылының орталық алаңына су бұрқақтар орнатып, абаттандыру жұмыстарын 2024 жылы жүргізу жоспарлануда.

Екінші кезеңде 2031 жылға дейін бекітілген бас жоспарға сәйкес жаңадан салынатын 280 жеке сектор тұрғын үйіне арналған мөлтек аудан құру үшін инженерлік, инфраструктуралық жүйені құру, көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын шағын мөлтек аудан құрып, көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргізу мен халықты жұмыспен қамту. Бұл кезеңде 2031 жылға дейін Хантағы ауылы тұрғындары мен қызметкерлерді  қол жетімді баспанамен қамту үшін көп қабаты тұрғын үйлерден тұратын шағын мөлтек аудан құру және 2026-2031 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік, инфрақұрылым жүйесін жүргізу жоспарланған. Аталмыш аумақта 280 жеке сектор тұрғын үйі мен мектеп, балабақша құрылысын жүргізетін орындар қарастырылған.

Сонымен қатар, Хантағы ауылының туризм саласын дамыту бойынша ауыл тұрғындарының пікірлерін ескеріп жаңа маршрут ашу бойынша салалық бөлімге ұсыныс енгізілетін болады. 

Кентаудағы тәлімбақтың «бағы» қайта жанбақ
Көп балалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу