Кентауда кірпіш зауыты іске қосылды

Oinet.kz 23-08-2022 247

Screenshot_21.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына кезекті жұмыс сапарында жаңадан іске қосылған кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Маңызды жобаны «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырып отыр.

Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 миллиард 720 миллион теңге инвестиция құйылған. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 45 миллион дана кірпіш шығару көзделіп отыр. 

Кәсіпорынның құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдармен қамтылып, өндіріске керек пеш пен қондырғылары орнатылған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады.

 Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 45 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Зауыт әзірге айына 3 млн дана керамикалық кірпіш шығарады. Өндіріс ошағы Түркістан өңірін толықтай қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді.

"Осы өңірді түгелдей қамтамасыз ете аламыз. Ең бастысы бұл жерде сапа. Бұл өте сапалы кірпіш болады. Түгелдей автоматты болғандықтан бұл жерде көп адам жұмыс істемейді. Бұл неміс технологиясымен шығады, біз бірақ Қытайдың құрылғыларын орнаттық. Біздің инвесторларымыз қытайлар",- дейді зауыт директоры нұрлан Рыспеков. 

Одан кейін өңір басшысы С.Қожанов атындағы саябақта Кентау тұрғындарымен кездесіп, сұрақтары мен өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Биыл сәуір айындағы кездесуде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқанын мәлімдеді.Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 1981 тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы - Құмкент - Шолаққорған- Ащысай - Р - 31» автомобиль жолының 76-91 шақырымына Ащысай ауылы мен Ойық ауылының аралығы 15 шқ орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары тамыз айында толық аяқталып, нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Сонымен бірге тұрғындар өтінініші бойынша Кентау қаласы бойынша мүгедектігі бар бар азаматтар 50 қоларбамен қамтылды. 1 топтағы мүгедектігі бар ересектерге арналған көпфункционалды әмбебап кресло арбаны өтініш беруші әлеуметтік қызметтер порталынан таңдап алған. Кентау – өңіріміздегі жалғыз моноқала. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Негізгі салаларда өсім бар. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Қала бойынша газға қосылатын 18 000 абонент бар. Оның ішінде: 1 кезеңмен – 11300, 2 кезеңмен – 3500, 3 кезеңмен – 3200 абонент қамтылмақ, – деді облыс әкімі.

Бүгінгі таңда газдандырудың І-кезең бойынша жұмыстар толық аяқталды. Табиғи газбен қамтудың ІІ және ІІІ кезеңдері нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ол тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әрбір өтініштің заң аясында шешілетінін айтқан Өмірзақ Шөкеев кездесуден кейін бірнеше тұрғынды жеке қабылдады.

Кентауда кірпіш зауыты іске қосылды
Кентаудағы тәлімбақтың «бағы» қайта жанбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу