Құрылыс алаңдары әкім назарында

Oinet.kz 29-07-2022 465

Screenshot_4.png

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданда атқарылып жатқан барлық жұмыстарын,   тыныс-тіршілігін назардан  тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Бүгін аудан  басшысы  аудандағы құрылыс алаңдары мен бірқатар нысандардың  жұмысымен танысуға арнады. Алдымен  Қызылқия ауыл округі, Айнатас, Қызылқия, Ынталы ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын  аралап көрді.   Содан соң Қызылсеңгір елді мекеніндегі демеушілер есебінен салынып жатқан өткелдің  жұмыс барысымен де танысты. Сондай-ақ  Қазығұрт елді мекеніндегі Тұтқабаев көшесінің жол құрлысын бақылады.  Аудан  басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай отырып, мердігерлер мен жауапты бөлім басшысына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Сондай-ақ аудан басшысы Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендерде  жүргізіліп жатқан бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен  танысып, сапасын бақылап өтті. Алдымен    Тұрбат, Еңбек ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысымен танысып шықты.  Еңбек елді мекеніндегі  Наурыз жəне Жаңағасыр көшелерінің табиғи газ құбырларының құрылысын аралап көрді. Содан соң   Қызылдихан ауылын сумен жабдықтауды қайта құру құрылыс нысаны мен  КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолдың сапасына мән берді.   Осылайша бірқатар құрылыс басында болған аудан әкімі жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.

Ауданда құрылысы жүріп жатқан тағы бір нысанның бірі Қазығұрт ауданы орталығындағы орталық ауруханасы. Таяуда ауруханың күрделі жөндеу жұмыстарын  бағамдау үшін Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Пашимов, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, облыстық мәслихат депутаты Г.Тәжібаева, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров, аудандық әжелер алқасының мүшелері арнайы  бас қосты. Негізгі мақсат аурухананың жөндеу жұмыстарын сапалы, әрі өз мерзімінде аяқталуын қадағалау. Мердігер Авто Рим строй ЛТД басшысы Сайдрасул Ералиевке жиынға қатысушылар тарапынан сын ескертпелер айтылып,  сұрақтар қойылды. Мердігер мекеме басшысы  1 қыркүйекке   дейін ішкі жұмыстарды толық аяқтауға уәде берді. Жиналған қауым ішінен арнайы жұмысшы топ құрылып, құрылыс аяқталғанға дейін сапасына қадағалау жүргізілетін болды.

Оңтүстіктен Солтүстікке көш жалғасуда
Ауыл шаруашылығы - Түркістан облысының негізгі драйвері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу