Тұрғындар денсаулығын нығайтатын мекемелер салу басты назарда

Oinet.kz 14-06-2022 380

Screenshot_2.jpg

Халықтың денсаулығын нығайту, оларға дер кезінде сапалы ем көрсету - мемлекеттік басты міндеттерінің бірі. Дені сау адам жұмыс істеп ел экономикасының дамуына, өсіп-өркендеуіне аяусыз үлесін қосады. Мемлекетте дені сау адамдар көп болғанда ғана өсу процесі жүретіні белгілі. Сондықтан да ел ішінде емдеу мекемелерін көбейткен абзал. 

2021 жылдың қорытындысымен Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың Машат ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі Машат дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу болатын. 

Аталған мәселе басшылыққа алынып, өткен жылдың желтоқсан айында медициналық нысан толығымен күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде 2 жалпы тәжірибелік дәрігер және 11 медбике округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Машат ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік кездесу барысында баяндады. Басым бөлігі еркін, сұрақ-жауап форматында өткен есептік жиында тұрғындар ауыз мен ағын су, жол, өзен арнасын күшейту, жарық шамдарын орнату, ескірген электр бағаналарын ауыстыру мен жол кедергілерін орнату, шомылуға қауіпті аймақтар мен мәдениет саласына қатысты өтініш-ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізіп, тиісті жауаптарын алды.

Содан соң, бірнеше тұрғын жекелеген мәселесімен аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, көкейлерінде жүрген сауалдарына қанағаттандырарлықтай жауаптарын алды.

Өткен есептік кезеңде округ тұрғындары тарапынан ұсыныс пен өтініштер негізінде атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын межелерге қысқаша тоқталсақ:

Өткен жылы Қызыл бастау ауылы, Жандарбеков көшесіне және Мыңбай ауылы, Абай көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Еңбек ауылы, Қажымұхан және Б.Момышұлы көшелеріне орташа жөңдеу және Машат  ауылы, Ауезов көшесіне тас төсеу жұмыстары іске асқан.

Көп жылдан бері шешемін таппай келген Еңбекші ауылындағы 150 орындық «Тұрсынбеков» мектебінің құрылысы бастау алды. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Биылғы жылдың еншісіндегі атқарылатын жұмыстарға келетін болсақ:

Машат елді мекеніне ұңғыма қазу, трансформатор және су мұнарасын орнату жұмыстары;

Мыңбай ауылы Сейфуллин, Еңбек ауылы Уалиханов, Еңбекші ауылы Сейфуллин және Қызылбастау ауылы Қалдарбеков көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, өзекті мәселенің бірі Машат және Мыңбай ауылдарының ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамасына қаржы бөлініп отыр.

Састөбеде жол жөндеу жұмыстары мәресіне жетті
Ауыл тұрғандарына жағдай жасау - басты міндеттердің бірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу