«Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»

Oinet.kz 02-05-2019 1096

45e3c5dc-59e5-425e-a070-361a714e46f8.jpg

Фотода: Тұрдалы Сәуірбеков

Oinet.kz порталына хабарласқан Түлкібас ауданының тұрғыны, еңбек ардагері, құрметті зейнеткер Тұрдалы Сәуірбеков Қазақстанда ауыл шаруашылығын гүлдендіру үшін шаруаларға қайтарымсыз дотация беру керек деп есептейді. Егер оған мүмкіндік болмаса, онда нан бағасының еркін айналымға жіберілгенін қалайды. Осы қадам арқылы ауыл шаруашылығын аяқтан тұрғызуға болады дейді ардагер. 

– Менің білетінім, өркениетті елдердің бәрінде ауыл шаруашылығы дотациясыз өркендеген емес. Егер де қайтарымсыз дотация берілмейтін болса онда нанның бағасын босатып, еркін айналымға жіберсін. Сондықтан да, ауыл шаруашылық кооперативтеріне ЖШС-не жаңа техникаларды дотациялап беріп, елді қызықтырып, қолдап, біріктіріп жұмыс жүргізуге болатынына мен де сенімдімін. 

Ал, субсидияны ақшалай беру нағыз алаяқтықтың бірден-бір жолы. Болмағанды болды деп қағаз жүзінде субсидия алып жүргендерді теледидар көрсетіп, газеттер жазғаны бәрімізге мәлім бола тұра неге бұған үкімет жол беріп отыр?

1535352188_vugqox6h.jpeg

«Нан қадірін білмеген, жан қадірін қайдан білсін» дегендей, мына жаңа құрылған үкімет құрамының құлағына алтын сырға: Барлық баға босатылғандай, нанның да бағасын босатсын, немесе 1 келі нанның өзіндік құнының айырмасын 1 литр бензинмен салыстырып ақтайтындай құнын үкімет ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қайтарымсыз дотация берілсін. Сонда ғана ауылдардағы 40 пайыз ауыл шаруашылығындағы адамдардың еңбегі бағаланып қалаға қашпас еді. Күнкөріс қамымен қалада пәтер жағалап жүрген ата-ананың 5 сәбиі тірідей жанбас еді. Күнде теледидардан айтып жатқан жемқорлық, құрылыс компанияларында алаяқтық болмас еді. Алаяқтық болмаған жерде құрылыс сапасы артар еді. Үкімет неге ауыл тұрғындарының құқығын қала тұрғындарынан кем санау керек? 

Биылдан бастап үкімет ауыл тұрғындарына жағдай жасап, «дипломмен ауылға» деген сияқты ауылдықтардың әлеуетін көтесе, қалалықтардың 10 пайызын ауылға қызықтырып көшіріп алып келіп, 50-50 пайыз тепе-теңдігін орнатқаны абзал. Ол үшін ауыл тұрғындарына жер және қайтарымсыз дотация берілу керек, - дейді Тұрдалы Сәуірбеков.

ЖИТС ауруы (СПИД) емделе ме?
Оқушылар қасиетті мекенді аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу