21 көше жөнделді

Oinet.kz 04-04-2021 695

Screenshot_23.png

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы бойынша жалпы ұзындығы 282 шақырым болатын 404 көше бар. Соның 224 шақырымы – асфальт, 58 шақырымы тас жол.  Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр аудандағы 21 көшеге  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда: Береке, Көркем шағынауданында – 6 көше, Текесу тұрғын алабында – 1 көше, орталық аумақта 14 көше. Оған қоса 13 көшеге жаяу жүргіншілер жолы орнатылған. «Айта кетерлік тұс – жаяу жүргіншілер жолы сол Береке, Көркем және Текесу тұрғын алабында төселді. Сонымен қатар, өздеріңіз байқаған боларсыздар, 7 көшеге жалпы ұзындығы 17,8 шақырым веложол салынды. Ал биыл 7 көшені жөндейміз деген жоспар бар. Арасындағы маңызды жобалар – Қонаев даңғылының жалғасын салу және осы даңғыл мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы айналма жол салу. Қоғамдық жол болған соң, аялдама да қажет. Аудан аумағында жалпы 213 аялдама орналасқан. 2020 жылы орталықтағы 70 аялдама жаңартылып, орталықтан алынған аялдамалар шалғай орналасқан Текесу, Ақжайық, Ақтас, Сәуле, Көркем шағынаудандарын қойылды», – дейді Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев.

Бұған қоса шалғай аудандарды абаттандырып, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, көпшілік орындарды ашу секілді жұмыстар да қарқынды  атқарылуда. Мысалы, жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге Әл-Фараби ауданын аралаған болатын. Шалғай елдімекендеріне барып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мұндағы мақсат – жұмыс тек орталықта емес, сол шеткері аумақтарда да жүріп жатқанын көрсету. Нақты айтқанда, Сәуле шағынауданы маңындағы 207, 195-орамдарда 2020 жылы жол салынды, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Су мен жарық желілері де тартылған. Мұндағы тұрғындардың 80 пайызына газ жеткізілген. Ол ауқымды жұмыстың қалғаны биылғы жұмыс жоспарына енгізіліпті.


Қалалық болған елдімекендердің ахуалы түзеліп келеді
Бірлікті бекемдейтін мекеме ашықтықты қалайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу