Қалалық болған елдімекендердің ахуалы түзеліп келеді

Oinet.kz 04-04-2021 748

Screenshot_22.png

Мегаполис статусын иеленген Шымкент қаласының аумағына аудандардан бірқатар елдімекендердің енгені мәлім. Бүгінде шаһарға қосылған елдімекендердің жағдайы жақсарған. Мәселен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму картасына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Сайрам ауданынан қала аумағына енген 195-орамды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген. Бұл елдімекенде электр жарығымен және сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып,  тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген. Ал табиғи газбен қамту жұмыстары өткен жылы 80 пайызға орындалып, қалған жұмыстар биылға жылға өткен. 276 орамға сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ әзірленген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде дейді мамандар. Электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке үй электр қуатымен қамтамасыз етіліпті. Оған қоса демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбыры төселіп, сапалы ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген. Сондай-ақ Текесу тұрғын алабы бүгінде электр жарығымен және табиғи газбен толық қамтылған. Су құбыры да өткен жылы жүргізілді.

Аудан қаланың орталық бөлігінде орналасқандықтан, кәріз жүйесінің мәселесі біршама шешілген дейді салаға жауаптылар. Қазіргі таңда 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Самал шағынауданында кәріз жүйесін жүргізуге ЖСҚ әзірленуде және Наурыз шағынауданында осы мақсатта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланыпты. Осы шағынаудандарға кәріз жүйесі орнатылса, аудан бойынша көрсеткіш 90 пайызға жетеді деп күтілуде.


Ескірген көше атаулары жаңарды
21 көше жөнделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу