Бірлікті бекемдейтін мекеме ашықтықты қалайды

Oinet.kz 07-04-2021 777

Screenshot_1.png

Шымкент қаласындағы мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында қолға алынған "Ашық бюджет" жобасы бойынша халыққа ашықтықты қамтамасыз етіп отыр.  

Айталық жақында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Қоғамдық келісім "КММ бас есепшісі Гүлжаһан Биболатова  аталмыш  жоба  аясында фейсбук әлеуметтік желісі арқылы халыққа сұхбат беріп, соңғы екі жылдық бюджеттің жайын бағамдап берді.   

 «2020 жылға мекемеге қарастырылған жалпы қаражаттың жалпы көлемі 48 миллион 971 мың теңгені құрады. Оның 32 миллион 24 мың теңгесі қызметкерлердің айлығына жұмсалды. 2 миллион 868 мың теңге мекемені ұстап тұруға бөлінген. Ал 14 миллион 79 мың теңгесі 11 іс шара өткізуге бөлінген болатын. Олардың ішінде карантиндік шектеуге байланысты 5 іс шараның қаражаты -  3 миллион 753 мың теңге бюджетке кері қайтарылды. Қалған қаражат толық игерілді»,- дейді Г.Биболатова. 

Мекеме өкілінің айтуынша биылғы жылға мекемеге бюджеттен  49 миллион 832 мың теңге бөлініпті. Оның ішінде қызметкерлердің айлық жалақысы 32 миллион 23 мың теңгені құраса , мекемені ұстап тұруға 3 миллион 100 мың теңге қарастырылған. "Қоғамдық келісім " мекемесі ағымдағы жылы    13 іс шара өткізуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа қазынадан  14 миллион 709 мың теңге қаралған екен. Жыл басынан бері мекеме мамандары бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып үлгерді. Айталық  түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Армысың, әз-Наурызым»,  «Масленица», «Қазақ дастарханы» фестивалі, «Афарин» конкурсы, «Сабантой», «Алғыс айту», «Ұлттық домбыра» күндері мерекелік шарасы жоғары деңгейде атап өтілген болатын. Сондай-ақ «Оңтүстік» телеарнасы арқылы шаһардағы этнос өкілдерінің татулығын ту еткен  «Бірлігі бекем ел» телебағдарламасы тұрақты түрде көрерменге жол тартып отыр. 

Ассамблея қызметі толық қоғамдық бақылауда  екенін айта кетейік. 


21 көше жөнделді
Жемқорлықтың кесірі білімге тимеуі қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу