Қызым саған айтам...

Oinet.kz 18-03-2021 1005

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция инспекторы полиция лейтенанты Санжар Есқараевтың қатысуымен Д.Нұрпейісов атындағы 116 жалпы орта мектепте кәмелетке толмаған қыздар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ерте жүктілікті болдырмау мәселелері бойынша жиын өтті. 

Полиция инспекторы қыз балаларды қауіпсіздікті сақтауға, әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білуге және адам саудасы мен еңбегін заңсыз пайдалану бойынша түсіндіріп, құқықтық сауатты болуға шақырды. «Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз. Әсіресе қыз балаларды жат қылықтардан аулақ болуға шақырамыз»,- дейді Санжар Есқараев.

Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда, мектепте т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Мамандар жоғары сынып оқушылары үшін осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады дейді.


Қаланың тарихымен танысты
Мәдениет саласына білікті мамандар тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу