Қаланың тарихымен танысты
Үшінші мегаполисте «Наурыз Шымкенттен басталады» онкүндігінің аясында іс-шаралар жалғасуда. 17 наурыз - «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ» аталуына байланысты Шымкент қаласының 2200 жылдығы тақырыбына арналған Цитадельде PUBLIC TALC форматындағы тарихшылармен кездесу өтті.
ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді». Ал Шымкент қаласы – бұрыннан мәдениет пен руханияттың, ынтымақ пен бірліктің ордасы, Қазақстанның көне қалаларының бірі екені ресми нақтыланып, қаланың 2200 жылдық тарихы бекітіліп, тарихи орталықтың қазығы қағылды. Шымкент цитаделі тек үшінші мегополистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи обьектісі болып табылады, яғни цитадель дегеніміз- қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Әдетте қамал қабырғаның ішінде орналасқан билеуші сарайы, әкімділік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды . «Цитадель» – Шымкент қаласының бірегей мәдени-тарихи аймағы, қала орталығында, бұрындары ежелгі қалашықтың бекінісі болған жерде орналасқан.
Тарихшылардың зерттеуі бойынша, шаһардың негізі қаланғанына екі мың жылдан асқан. Бұл қала маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер негізінде дәлелденген. Қазіргі кезде осы жәдігерлер мұражайда сақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының тамашалайтын көрнекті жеріне айналған.
Қала тарихына арналған кездесулердің Цитадельде ұйымдастырылуының маңызы зор. Іс-шарада тарихшылар, музей қызметкерлері келушілерге қала тарихы жөнінде баяндап, музеймен таныстырды. Кездесуге Атырау облысынан блогерлер арнайы келіп қатысты.