«Дархан» базары жаңаша келбетке ие болмақ

Oinet.kz 05-03-2021 951

Screenshot_33.jpg

Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласы  ойдағыдай дамып келеді. Атап айтар болсақ, Әл-Фараби ауданында өткен жылы «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы аясында 103 азамат өз кәсіптерін ашып, жұмысын жүргізуге мүмкіндік алған. Сондай-ақ өткен жылдың қаңтар айында ауданда 24 ірі кәсіпкерлік нысанының құрылысы басталса, жыл соңына дейін 13-і іске қосылған. Қазіргі таңда 11 нысанда құрылыс жалғасуда. Ауданда құрылыс үшін тартылған инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрап отыр.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов халық алдында берген онлайн  есебінде  «Орталық қырғы базар» мен «Дархан» базарын қайта жаңғырту үшін күрделі құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша «Дархан» базары жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылысқа «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен 100 млн теңге субсидия бөлінген. 

  Ғабит Патшаханұлының айтуынша, «Сәуле» шағынауданы 276 орам жаңа құрылыс аумағында халық саны 680 адамды құрайтын шамамен 153 тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Бұл аумаққа сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға бюджеттен 59 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды. Ал 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді. Осы екі тұрғын алабында аталған жұмыстар атқарылған кезде Әл-Фараби ауданында инфрақұрылыммен қамту мәселесі толық шешіледі.


Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2186 пәтер беріледі
Кәсіпорындардан экологияға келер зиян жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу