Ордабасы: Қайырымды жоба жалғасын тапты

Oinet.kz 19-09-2020 440

image.png

Ордабасы ауданында «Қамқорлық» жобасы барысында тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созып, қажетті көмек көрсету қарқынды жүзеге асуда. 

Аталған жоба аясында жуырда аудан еріктілері әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы 5 отбасыға балапандар таратты. Құстардың 1 айлық жемі қоса берілді.

Бұл шара бірқатар отбасының шағын кәсіп бастауына негіз болмақ.

Айта кетейік, «Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту жағы да қаралған.

Бағдарлама мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан жандарға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Еңбекке қауқарлы азаматтарды жұмыспен қамтуға жағдай жасалады. Мұндай отбасыларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер кірді. Әр ауданда шамамен 100-ден астам отбасы көмекке зәру екені анықталған. Облыс бойынша олардың жалпы саны 2000-ға жуық.

Ордабасыда ірі спорттық кешен құрылады
Ордабасы: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу