Ордабасыда ірі спорттық кешен құрылады

Oinet.kz 19-09-2020 496

Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешені салынады. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Түркістан облысының Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласының батыры құрметіне мемориалдық кешен салынбақ. Заманауи нысанның құрылысы осы жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Мемориалдық кешеннің «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойындағы жалпы ауданы 5 гектарды құрайды. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, мәжіліс залы, спорт залы, киім ауыстыру бөлмелері, спортшылардың жуу бөлмелеріне тұрады және қажетті құралдармен жабдықталады. Ғимараттың аумағы жасыл желектермен абаттандырылып, орындықтар орнатылып, жарықтандырылады. Жоба аясында балалар алаңы мен автотұрақ қарастырылған.

Спорттың бірнеше түрін қамтыған кешен әр түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге де ыңғайлы екенін атап өткен жөн.

Ордабасы: «Жақыныңа жанашыр бол!» акциясы өтті
Ордабасы: Қайырымды жоба жалғасын тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу