Ордабасы: Жоқтан бар жасады

Oinet.kz 17-09-2020 462

Ордабасылықтар тағы бір тындырымды тірлік жасады. Аудандағы тозығы жеткен ескі кеңсе енді аудан тұрғындарына шарапатын тигізер спорттық нысанға айналады. 

Бұрынғы шаруашылық кеңсесі болған   қос қабатты нысан  кешегі өтпелі  кезеңде  халыққа пай үлесі ретінде беріліп, жекешеленіп кеткен болатын. Енді көп ұзамай бүл жер халық игілігіне берілмек.

Қарақұм ауыл округінің әкімі Әміржан Досаев та өз ойын білдірді.

"Бұл ғимараттың иелерімен келістік... олар да түсініп, қарсы болған жоқ. Елге қайтарды... міне, ауыл жастары оны ремонттап жатыр.. бұйыртса қазан айында ашылмақ", - деді ол.

Осы ғимараттың ертерек ел игілігіне брілуі үшін белсене жұмыс жасап жатқан  ауыл азаматтары аз емес. Олардың бірі бөлме еденін сырлап жатса, екінші бірі   әрлеу жұмыстарымен  айналысуда.

"Ауылдың 70 жылғыларынан бастап, 2001 жылға дейінгі туған жастары бөліп алдық. Бәріміз өз учаскелерімізді тезірек бітіруге күш салып жатырмыз", - деді ауыл тұрғыны.

Мұндағы жұмыстарға ауылдың үлкен – кішісі түгелдей атсалысуда. Өйткені, салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға зор мүмкіндік жасайтын нысанды  ертерек  ашсақ дейді олар. Ал оған қажетті құрал жабдықтармен  аудан әкімідігі қамтасамыз етпек.

"Бұйыртса осы спорт залдарында жаттыққан балалар өсе келе ауылдың, елдің атын шығаратын азаматтар болады деген сенімдеміз. Сол үшін жұмыс атқарып жатырмыз...Басшыларға, ауыл жастарына рахмет!", - дейді ауыл тұрғыны, Сәкен Әлдібаев.

Ауыз бірлігі жарасқан ауылдың   қашан да берекесі болады. Міне, сондай бірліктің арқасында ендігі жерде  елдің игілігіне  қызмет етеін бұл нысан  алдағы уақытта   нағыз беркелі де, мерекелі мекенге айналмақ.  


Ордабасы: Игерілмеген жерлер ауданға кері қайтарылды
Ордабасы ауданы айнасы мерейтойында жаңа қонысты болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу