Ордабасы: Игерілмеген жерлер ауданға кері қайтарылды

Oinet.kz 17-09-2020 550

На изображении может находиться: облако, небо, трава, дерево, на улице и природа

Ордабасы ауданында аудан тарапынан жер пайдаланушылар мұқтажы үшін бөлінген, бірақ игерілмеген 2300 гектардан астам жерлер кері қайтарылды. Аталған шара 2 жыл сараланып, жүзеге асырылды.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен мәжілістерде аудандық жер қатынастары бөліміне 10 тапсырма беріліп, оның 5-уі бүгінгі таңға нақты орындалды. 

Қазіргі уақытта Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырған. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделді. 

Сонымен қатар, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жалпы көлемі 131,4 гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған. Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылып, жер учаскелерін 2 жыл қатарынан игермеген жағдайда, сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.

Ордабасы: 6024 гектарға жүгері дақылы егілді
Ордабасы: Жоқтан бар жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу