Ордабасы: Жолдау жүйелі жүзеге асырылады

Oinet.kz 16-09-2020 474

Ордабасы ауданында биыл 1600-ге жуық жұмыс орны ашылмақ | Otyrar.KZ

Ордабасы ауданында «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалуы басты назарда. Өңірде биыл шағын және орта кәсіпті дамытып, өндіріс өнімінің әлеуетін арттыру қолға алынған. 

Ауданда аталған бағытта биылғы жылы жалпы 4 жоба  жалпы инвестициялық құны 97 млрд. 474 млн. теңге, 545 жұмыс орнымен іске асырылады, оның ішінде:

- Индустрияландыру картасы аясында 2 жоба инвестициялық құны 95 млрд. 824 млн. теңге 415 жұмыс орнымен, олар:

  • «Standard Petroleum Co» ЖШС (І-кезеңі) жылына 1 млн. тонна мұнай-химия зауыты (жалпы құны 95 млрд. тг., 400 жұмыс орнымен);

  • «Александровский сад» ЖШС-нің сыйымдылығы жылына 1,6 мың тонна жеміс, көк өністі сақтау қоймасы (жалпы құны 824 млн.тг., 15 жұмыс орнымен).

- Картадан тыс 2 жоба инвестициялық құны 1 млрд. 650 млн. теңге, 130 жұмыс орнымен, олар:

  • «Оңтүстік газ» ЖШС-нің. Куаттылығы жылына 10 мың м3 газ жинақтау бекеті (жалпы құны 150 млн. тг., 30 жұмыс орын);

  • «Standard Resurses» ЖШС-нің көмір-химия өңдеу жобасының І кезеңі. Куаттылығы жылына 30 мың тонна (жалпы құны 1 млрд. 500 млн. тг., 100 адам жұмыспен қамтылады).


Ордабасы: 11 кәсіпорын өнімі - экспортқа
Ордабасы: 348 млн. теңгенің мақта талшығы экспортталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу