Ордабасы: Бір ешкі жылына 600 литрге дейін сүт береді

Oinet.kz 16-09-2020 664

Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай? - Informburo.kz

 Түркістан облысында осыдан біраз бұрын ашылған тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативінің жұмысы өркендеп келеді.

«Асыл тұқымды шаруашылық: Ордабасы сүт өнімдері» ко­оперативті шаруашылығында қазір 700-ге жуық ешкі бар. Алдағы ақпанда олар жаппай төлдей бастамақ. Ешкілер Голландиядан әкелінген. Ерекшелігі – олар көбіне егізден, кейде 3 лақтан табады.  

Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы мол екені айтпаса да түсінікті. Серіктестік төрағасы Жеңіс Тоғызақбаевтың айтуынша өндірістік кооперативтің іске қосылған бірінші кезеңінде сауын цехы мен сүт өңдеу зауытының және жем-шөп жинау ғимаратының құрылысы аяқталған.

Даму жоспары үш кезеңнен тұратын жобаның жалпы құны 1 млрд. 829 млн. теңгені құрайды. Қазір мұнда 500 бас ешкі болса, жоспар толығымен орындалғаннан кейін 6 мың басқа жететін болады. Өсімділігі өте жоғары ешкі малы жылына егізден тауып, орта есеппен  100 басқа 200 төл береді екен.

Заанен тұқымының қазақстандық ешкілерден айырмашылығы – сүтті көп беруінде. Отандық ешкілер күніне көп дегенде 1,5-2 литр ғана сүт беретін болса, заанендіктер күніне 5-6 литр сүт береді. Бүгінде өндірілген ешкі сүтінен айран, қаймақ, құрт, сүзбе және йогурт өнімі шығарылып жатыр. Күніне екі мәрте сауылатын ешкі сүтінің литрі 500 теңге көлемінде саудалануда.

Түркістан облысында тұңғыш рет іске қосылған асыл тұқымды ешкі шаруашылығының бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Шаруашылық істері өркендей келе мұнда балмұздақ цехын, сондай-ақ мал сою алаңын іске қосу жағы да ойда бар. Сол сияқты келешекте онда ешкі  сүтінен косметикалық заттар шығарыла бастауы да әбден мүмкін екен.

Ал, жалпы, Еуропа елдерінде Заанен тұқымды ешкілерді көптеп өсіреді. Өйткені оның жегенін бо­йына май етіп емес, желініне сүт етіп жинайтын ерекшелігі бар. Бір ешкі жылына 600 литрге дейін сүт береді. Тіпті бір «рекордшы» ешкінің 1 жылда 3507 литр сүт бергені туралы да қызықты дерек бар. Сондықтан мұндай ешкіге қызығатындар көп.


Ордабасы: Глициризин қышқылы өндіріледі
Ордабасы өнімдерінің экспорты артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу