Ордабасы: Глициризин қышқылы өндіріледі

Oinet.kz 16-09-2020 503

Ордабасыда глициризин қышқылы өндіріледі | Otyrar.KZ

«Сейітбек әулеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фармацевтикалық зауыты Шұбар ауылындағы индустриалды аймақта орналасқан. Қызыл мия дәрілік өсімдігінің тамырын өндеп, глициризин қышқылын алатын бұл жобаның қуаттылығы жылына 300 тонна дайын өнім алуға, сондай-ақ 600 тонна өзге де қышқылдар алуға мүмкіндік беріп отыр.

Жоба негізінен Индустриалды карта аясында іске асырылды. Қызыл мия өсімдігін дәрумендік қаситінен бөлек өзен жағалауларын бекемдеу үшін де отырғызу тиімді болып табылғандықтан өндіріс орны табиғат үшін де пайдалы. 

Әбдірахым Жұмабеков, «Сейітбек әулеті» ЖШС-ның директоры: «Түрлі химиялық заттар бар. Глициризин қышқылы, цитизин, итмұрын, тағы сол сияқты құрамы жоғары заттар алынып,бәрі өндірістік көлемде қолданылады. Одан әрі зауыттарда түрлі дәрілер өндіріліп шығарылады».

2017 жылы кәсіпорын қызыл миядан алынған 3121 тонна сұйық дәрілік заттар Қытайға 335 миллион 929 мың теңгеге сатылған болатын. Ал өткен жылы көрсеткіш анағұрлым жоғарылап 410 млн.теңгеге бағаланған қызыл мия дәрілік қоспа өнімін аспан асты еліне жөнелтті.

Ордабасы: Қалдықтардан жасанды талшық өндіру зауыты өндіріс саласында бәсекеге бейім
Ордабасы: Бір ешкі жылына 600 литрге дейін сүт береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу