Ордабасы: Суармалы жерлердің тиімділігін арттыру назарда

Oinet.kz 15-09-2020 416

Суармалы жерлерді тиімді пайдаланбай, жағдай жақсармайды

Ордабасыда аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы болғандықтан, бұл салаға баса назар аударылады. Мәселен, егістік алқаптарының әлеуметін жақсарту мақсатында суармалы жерлердің аумағын арттыру.

Ауданда жаңадан 2 500 гектар  суармалы жерді іске қосу жоспарланып, 1 630 га жер айналымға қосылды (65,2 пайыз). Бұл жерлер негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен  орындалды.

Суармалы жерлерді пайдалану­дың тиімділігін арттыру – облысы­мызда азық-түліктің тұрақты мол­шы­лығын жасаудың күрежолы. Бұл үшін суармалы жерлердің мелио­ра­циялық жағдайын одан әрі жақ­сар­ту керек. Кәрізді-қашыртқы жүйе­лерін, суару жүйелерін, тік құбыр­лы қашыртқыларын техникалық қолдану деңгейін және агроме­лио­рациялық шараларды жүргізу бү­гінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Органикалық және ми­нералдық тыңайтқыштарды енгізу, қазіргі заманға лайық су үнемдеу технологиясын енгізу, тұзды жер­лер­ді уақытылы әрі сапалы етіп сор шаю, ғылыми тұрғыда дәлелденген. Міне, осыларды қолданып ауыс­па­лы егістікті енгізу жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде суармалы жерлер өз пайдасын береді.

Ордабасы: Егіс көлемін арттыру жоспарда
Ордабасы: Жылыжай салуға ниет білдірушілер қатары артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу