Ордабасы: Түйіткілді мәселелер талқыланды

Oinet.kz 11-09-2020 431

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и костюм

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Шұбарсу ауылында болып, қордаланған түйткілді мәселелерге орай алдымен проблемалы нысандарды аралап шықты. Ауыл әкіміне мәселелерді өзектілігіне орай зерделеп, шұғыл стратегиялық карта әзірлеуді тапсырды.

Іс-сапар барысында аудан әкімі карантин режиміне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауыл әкімшілігіне нақты тапсырмалар берді. 

Сонымен қатар әкім ауыл әкімшілігімен ондағы мектептердің жылыту маусымына дайындығы талқыланып, осы мәселе аясындағы жоспарлы жұмыстар да назардан тыс қалмады. Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режімінде жүріп жатыр.

Ауылдық округ туралы қысқаша мәлімет: Шұбарсу ауыл округінің жалпы жер көлемі - 1752 га. құрайды. Ауыл шаруашылығы, егістік, тәлімі, суармалы, жайылымдық жерлері жоқ. Ауыл округінде тіркелген халық саны – 26 747 адам, оның ішінде: ерлер-13161, әйелдер-13586. Зейнеткерлер-1515,18-29 аралығындағы жастар- 4122, оқушылар- 9478, бөбекжай балабақшада тәрбиеленушілер- 2145. Өзін- өзі жұмыспен қамтығандар - 9487. 

 Еңбекке қабілетті халық саны - 11695 адамды құрайды. Оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар- 9487 адам, олардың 531-і жеке кәсіпкерлер. 

Ордабасы: Онлайн-режимдегі білім беру бақылауда
Ордабасы: Барлық су көздері барынша тиімді пайдаланылуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу