Сайрам: 32 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жәрмеңкеге шығарылды

Oinet.kz 07-09-2020 536

image.png

Сайрамда биылғы жыл өнімді болды. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің ауқымы артып, шаруалардың еңбектері еш болмады. 

Жақында Nur-Sultan қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі бастау алған болатын. Осы бастауға сайрамдық шаруалар да атсалысты.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі "Хан шатыры" ойын-сауық-сауда орталығының маңында биыл да өз жалғасын тапты. Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев бастап барды.

Бүгін-ертең, яғни 5-6 қыркүйек күндері Сайрам ауданынан жеткізілген жалпы 32 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңке сатылымында.

Оның 16 тоннасы - көкөніс, 2 тоннасы - ет, тағы 2 тоннасы - шұжық өнімдері. 2 тонна сүт өнімдері, 10 тонна алма және алма шырындары да бар. Өнімдер жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағада сатылуда.


Сайрамда жаңа спорт кешені ашылды
Сайрамда арыз-шағымдар саны төмендеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу