Сарыағашта каналдар күрделі жөндеуден өтуде
Түркістан облысы сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиев аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан егістік жерлерге ағын су жеткізіп беру басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және суды үнемдеу мақсатында бірқатар су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтар болсақ, Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтері аумағынан өтетін Хожахан (18,8 шақырым) және Сұрым (5,4 шақырым) каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары, сондай-ақ аудан аралық Шошым (15 шақырым) каналының аудан аумағындағы бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан аумағынандағы басқа да каналдарға күрделі жөндеу (бетонмен қаптау) жұмыстарын жүргізу үшін Р-4-2, Шаншар құлақ, Құлтума, Шошым және Үлкен Келес магистралдық каналдарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобалар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Жалпы алғанда соңғы жылдары Түркістан облысында каналдарды қалпына келтіру, тазалау жұмыстарды жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл өз кезегінде өңірде суармалы егістік жерлердің арттыруға мүмкіндік береді және ол көктем кезінде су тасқынының алдын алуға зор септігін тигізеді.