Су шайып кеткен көпірлердің құрылысы басталды

Oinet.kz 19-06-2020 536


Screenshot_15.png

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Тасарық ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдымен Тасарық елді мекенінің М.Әуезов көшесіндегі 2,6 шақырымға аяқ жол салу жұмыстарын бақылады. Бұл жұмыстар шілде айының соңында аяқталмақ. Келесі кезекте аудан басшысы жеке кәсіпкер Танабаев Сабыржанның 20 гектар жүзім бауында болды. Кәсіпкер 2019 жылы 10 гектар жеріне қайта жүзімнің жоғары сұрыпты көшеттерін отырғызған. 2020 жылы осы отырғызылған көшеттерге тіреуіш бағаналар орнатып, жүзімдерді асып қою технологияларын жүргізуде. Аталған жүзім бауда жылына гектарынан 3,0-3,5 тонна өнім жиналады. Қазіргі таңда жүзімбақта жалпы 20 адам тұрақты жергілікті азаматтар жұмысқа тартылған. Ал, маусымдық жұмыстарға 60-80 адам тарту көзделуде.

Төлеби ауданы аумағында 13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Жоғарғы Қасқасу елді мекені Қасқасу өзенінде орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Тынымсыз еңбектің арқасында тұрғындар мен көлік қозғалысы үшін уақытша көпірлер орнатылып, ауылдардың байланысы жедел түрде қалпына келтірілді. Қуантарлығы, бүгінгі таңда негізгі көпірлердің құрылысы басталып, іргетасы қалана бастады. Осы ретте аудан әкімі Бауыржан Омарбеков елді мекенге барып, құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Аудан басшысы өз кезегінде мердігер мекемеге көпірлер құрылысының сапалы жүргізілуін тапсырды.


Сарыағашта каналдар күрделі жөндеуден өтуде
Созақта 45 азамат жұмыспен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу