Мақсат-Үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру
Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Түркістан облысында Үкіметік емес ұйымдарды дамыту» жобасы аясында кездесу өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абдуллаева Роза Сәрсенбайқызы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің жоба координаторы Андабаева Гүлсім Ахынбекқызы және қаламыздағы Үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері, жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Жиынды қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков ашып, жүргізіп отырды.
Арнайы семинарға келген қонақтар Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру және дамыту мақсатында қала аумағында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халықаралық ұйымдардың арнайы гранттары арқылы маңызды жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер бар екендігін жете түсіндіріп айтты.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру мен жұмыстарын жандандыру жөнінде түрлі пікірлер айтылды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбеков қаламызға арнайы келген облыстық топқа рақмет айтып, алдағы уақытта игі бастамаларына табыс тіледі.