Мақтааралда жаңа жұмыс орындары ашылуда

Oinet.kz 18-06-2020 520

unnamed (1).jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске асып жатыр. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған бағдарлама шеңберінде әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жөндеу жұмыстары ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жұмыс орындарын құру арқылы жүргізілуде.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысушы жұмыссыздардың орташа жалақысының мөлшері 85 000 теңгеден кем емес.

Атап айтқанда, аудан орталығындағы «Мәңгі алау» мемориалдық кешенін реконструкциялау жобасы бойынша 38 жұмыс орны құрылған болса, соның ішіндегі 19 орын тіркеуде тұрған ресми жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жоспарланған.

№ 31 Береке орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу жобасы бойынша 45 жұмыс орыны құрылған болса, соның 23-і ресми жұмыссыздардың еншісіне жоспарланған.

Сонымен қатар, ауданның № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 10, 14, 17, 125, 26, 31, 34, 37, 39 мектептеріне модульдік санитарлық тораптарды орнату жобасы шеңберінде 46 жұмыс орны құрылып, 31 жұмысшыны ресми жұмыссыздар қатарынан алу жоспарланған.

Жалпы аудан бойынша 523 миллион теңгенің 18 жобасы бойынша

129 жұмыс орыны құрылған болса, соның ішіндегі 73 жұмыс орынын ресми тіркеудегі жұмыссыздар қатарынан толықтырып, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 41 жұмысшыны сол нысандарда тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.


Өргебаста құрылыс жұмыстары басталып кетті
«Еркежанда» 55 бала демалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу