«Еркежанда» 55 бала демалды

Oinet.kz 18-06-2020 596

Screenshot_7.png

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен мектеп жасындағы балаларға арналған 10 күндік лагерь аяқталды. Бірлік ауылдық округі Қоңырат елді мекеніндегі "Еркежан" қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде бір мезетте 55 бала демалды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұнда балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, республикалық деңгейдегі ерікті психологтар мен мамандар балаларға дәріс өтті. Лагерде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңындарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар демалушыларға таныстырылды.

Лагердің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріліп, оқушыларға 5 мезгіл тамақ берілді. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етті. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, карантин жағдайындағы гигиеналық талаптар толықтай сақталды.

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізілді. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер және би кештері ұйымдастырылады.

Айта кетеік, "Ізгілікке жарысайық", "Нұршуақ", "Қарекет", "Асса", "Шымкенттің волонтерлары", "Блогодарю", "Мейірім" қайырымдылық қорлары мен ұжымдары және түрлі өңірлерден келген еріктілер балалардың көңіл-күйлерінің жоғары болуына атсалысып, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс жасады. Сонымен қатар, балаларға қажетті түрлі гуманитарлық көмектерді алып келді.

Лагердің аяқталу іс-шарасында қайырымдылық пен демеушілік жасаған барша ұйымдар мен еріктілерге аудан әкімі Бақыт Асановтың алғыс хаты табысталды.


Мақтааралда жаңа жұмыс орындары ашылуда
Мақтааралдың қарбызы ТМД елдеріне экспортталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу