Өргебаста құрылыс жұмыстары басталып кетті

Oinet.kz 18-06-2020 633


Screenshot_6.png

-Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрды,-деп хабарлады мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Келісім-шарт бойынша 184 үйдің 182-не 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, тұрғындардың басым бөлігі құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда 66 үйдің іргетасы қалануда және 8 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 1 үйдің шатыры жабылғалы тұр.

Бұдан бөлек, 50 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 130 үйге бұзу жұмыстары жүргізілген.

Жалпы 175 құрылысшы 17 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Өзбекстан Республикасы тарапынан өргебастықтарға 3 экскаватор, 1 камаз бен 30 адам көмек беріп жатыр.

Айта кетейік, Өргебас ауылы 1971 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1256 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1203 гектарды құрайды. 1451 тұрғыны бар.

Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медицина пункті мен 1 полиция пункті бар. Сонымен қатар, 155 шаруа қожалығы, 1 мал бордақылау алаңы, 3 сауда нүктесі мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды.


Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Мақтааралда жаңа жұмыс орындары ашылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу