Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Oinet.kz 18-06-2020 559


Screenshot_5.png

Түркістан облысында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ағымдағы жылы Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтетін болады. Оған жалпы 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде Жетісай ауданындағы 113 елді мекеннің және 1 қала мен 1 кенттің көшелері жақсарады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 33 көшесі ауылдағы көшелердің еншісінде. Ал, 162 көшеге ағымдағы, яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілмек.

«Өткен жылы ауданда 166 көше жөндеуден өтсе, биыл 200-ден асып отыр. Бұл аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен 63 шақырымды құрайтын 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның құрылыс жұмыстары биыл басталады», - деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Сонымен қатар, ұзындығы 20 шақырымға жуық «Жетісай - Мақталы» бағытындағы КХ86 автомобиль жолы жөндеуден өтетін болады.


Түркістан облысы екінші орынды иемденді
Өргебаста құрылыс жұмыстары басталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу