Туристер қызмет көрсету сапасына дән риза

Oinet.kz 12-11-2019 834

image.png

Бүгінгі  таңда қонақ үй туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақжайлық өнеркәсібінің құрамды бөлігі болып табылады. Қонақ  үй  қызмет көрсетулерін өндіру  мен  тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады.

Қазақ қонақжай халық екені рас. Ескіден қонақ келгенде өз төрінен орын берген қазақ қазіргі заманда қонақжайлықтың заманауи түріне көшкен. Түркістанда бүгінде қонақ үйлер саны күн санап артып келеді. Жаңадан қонақ үйлердің салынуына мемлекет тарапынан жинақталған Атмекен кәсіпкерлер палатасының ықпалымен жасалған Қарапайым заттар экономикасы аса ықпал етті. Жаңа қонай үйлерден өзге қаламен бірге өсіп келе жатқан қонақ үйлердің де қала экономикасында елеулі орны бар. Сондай қонақ үйлердің бірі - "Эдем". 

Эдем қонақ үй кешені қаланың орталығында орналасқандықтан, келуші қонақтар үшін өте қолайлы болып табылады. Кешенге  қонақ үй, мейрамхана, терасса, тренажер залы, сұлулық салоны кіреді. Қонақ үйде 17 бөлме бар. Барлық бөлмелерде дәретхана, ыстық су, кабельді ТВ, телефон, фен, сондай-ақ Wi-Fi бар.

Заманауи қонақ үй сондай-ақ келуші қонақтарына керемет ас мәзірін де ұсына алады. Негізі Түркістан туристік қала болып есептелінгендіктен мұндай сервис түрлеріне қалада аса маңыз бөлінеді.

Қаланың әлеуметін арттыруға тамақ кәсібі ықпал етеді
Мейманхана туристер үшін қызмет етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу