Қазақы нақыштағы мейрамханалар көп

Oinet.kz 12-11-2019 799

2018_12_04_050333072000.PNG

Түркістан кәсіп пен туризмнің ордасы. Қала қаншалықты көне болса, соншалықты жаңа. Сондықтан да болар Түркістанның экономикалық тұрғыдан алға ілгерілету еліміздің алға қойған басты жоспарларының бірі. Қалаға келуші туристердің саны бүгінде жаз демей, күз демей артып келеді. Туристерджі күтуде мейрамхана кәсібі де айрықша рөл ойнайды. Өйткені елімізге алғаш келген турист ең алдымен осы жердің дәстүрлі тағамдарынан ауыз татып көргісі келеді. Мейрамхана кәсібі барлық жағынан дамиды, қызмет түрі де жақсарған, ас мәзірі де кеңейген. Мұның бәрі де мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деп көрсетіліп жатқан ықпалының әсері деуге болатын шығар. 

Бірі жаңа тамақтандыру орнын ашып жатса, екіншісі қолында бар кәсібін одан әрі дөңгелетіп отырған жайы бар. Мәселен Диана кафесі ашылғанына қаншама жыл өтсе де, өзінің алғашқыдағыдай актуалдылығын жоғалта қоймаған орын. Мейрамханадағы ең үлкен зал бір мезгілде 200-ге дейін қонақ қабылдай алады. Кафе өзінің биік төбесі мен кең жайылатын дастарханымен ерекше. Күндіз терезеден түскен жарық мейрамхана ішіне жылылық берсе, күн ұзақ келуші қонақтар нық толы болатын көрінеді.

Жалпы бұл сала: сатудан бастап көліктік, қаржылық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерінің ауқымды деңгейін қамтиды. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша пайдасы жоғары және экономиканың барынша динамикалық саласының, туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны шетелде «алтын жұмыртқа әкелуші тауық» деп те атайды.

Ұлттық тағамдар туристердің көңілінен шығады
Мейрамханалар жылдан-жылға жаңаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу