Тамақтану орындары қашан да қала экономикасында елеулі орында

Oinet.kz 12-11-2019 832

image.png

Облыс орталығы Түркістан қаласы қазір мейрамхана кәсібінде кеңінен етек жайып келеді. Мейрамхана кәсібі, тамақтану орындары қашанда қала экономикасында елеулі орында. Ол әсіресе Түркістан секілді туристік қалаларда айқын көрінеді. Қаланың мейрамханаларының бірі де бірегейі "Sky" мейрамханасын бүгінде көпшіліктің сұранысына ие, көрнекті мейрамханалардың алды деуге болады. Мейрамхана ботаникалық бақтың қарама-қарсы жағында орналасқан. Мейрамханада би бұрышы және бірнеше зал бар, олар: караоке залы, Шығыс залы, Африка залы, кантри және поп арт стиліндегі зал, Париж залы, сондай-ақ апачи залы.
Мейрамханада, сондай-ақ жазғы терраса бар, онда отбасылық мереке және туылған күндерді тойлауға болады. Терраса 120 орынға есептелген.
Мейрамхана мәзірінде шараптардың, коньяктардың, ромның, шампанның, виски мен басқа да сусындардың кең таңдауы, сондай-ақ әлемдік тағамдар ұсынылады.
Кеш бойы залда ерекше вокалмен жанды музыка және көңілді жетекші шоу-бағдарлама ойнайды. Мұның бәрі осы мейрамханада жақсы уақыт өткізу үшін жақсы атмосфераны жасайды.

Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі Түркістан қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы. Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді.

Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлардан жалғасып келеді
Мейрамханаларға бірінші кезекте адамдар демалу үшін келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу