«Гранд Микс» 147 адамды жұмыспен қамтып отыр

Oinet.kz 11-10-2019 829

Screenshot_32.jpg

Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отырған Түркістан индустриалды аймағының бүгінгі жай-күйі, тыныс-тіршілігі жайлы білу мақсатында қалалық "Түркістан" газетінің тілшілері «Түркістан» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры Талғат Алпысбайұлы Қыдырбаевқа жолығып, сұхбат алды.

– Болгария елінде 4 жыл үлкен кәсіпорын директоры болып қызмет атқардым, - дейді Талғат Алпысбайұлы. 

- Мен қызмет ететін қалада 15 үлкен кәсіпорын мекемесі болды. Сол қаланың губернаторы (басшысы) екі аптада 1 рет 15 кәсіпорын басшыларымен кездесіп, кімнің қандай ұсыныстары мен өтініштері бар екенін біліп отыратын. Өкімет тарапынан барлық жағынан қолдаулар болып тұратын. «Менің сендер сияқты кәсіпорындарым көп болған сайын менің рейтингім жоғарылайды»,- деп айтатын сол қала басшысы. Айтқан мәселе, ұсыныстарымыз біртіндеп шешіліп отыратын. Сонда бізде шешілмеген мәселелер болмайтын. Сондай-ақ, шетелден келген ірі басшылардың алдында бізді жинайтын. Сонда біздер сол қала басшысының жұмысы қандай екенін, бізге қандай көмек, қолдаулар көрсетіліп жатқанын өзіміз-ақ айтып, жарнамалайтынбыз.

Менің бұл жерде айтайын дегенім, Түркістан қаласы әкімінің рейтинг көрсеткіші – қалада қанша кәсіпорын бар және олардың мәселелері уақтылы шешіледі ме, соған байланысты болады келешекте. Сондықтан, кәсіпкерлермен дос болу керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Елбасымыз бен ҚР Президентінің саясаты да кәсіпкер-лерге қолдау көрсетуді айтып келеді.

– Қазіргі таңда қай кәсіпорындар жақсы жұмыс істеп келеді. Атап өтсеңіз?

– Индустриалды аймақтағы барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын тиянақты атқаруда. Алайда, соның ішінде «Гранд Микстің» жылына 2,5 млрд теңге. айналымын жүргізіп, 147 адамды жұмыспен қамтып отырғанын атап өткім келеді.

«Түркістан» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясында 18 жоғары білімді маман қызмет етеді
Түркістандық кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сый жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу