Қолдағы алтын сандық
Шерхан Мұртазаның әрбір жазылған дүниесі ол біздің көз ашар көзілдірігіміз! Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Аяулым Әбдірахманның шығармасын ұсынамыз.
"Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың эпистолярлық жанрдағы бір-біріне арнап баспасөзде жазған хаттары ел мен жердің тағдырын қозғап, қазақ оқырманына талай ой салған. Бүгінде бір-бірінің атына баспасөзде «жеке бастың» өкпесін ғана жариялайтын зиялыларымыз елге қарата сөз айтудан да, ел сыртында жүріп сын айтқыш болып кеткендей. Сондықтан бүгінгі оқырмандарымызға 1996 жылдың 12-ші шілдесіндегі хатты талдап отырмыз.
Дәл 10 триллион екеніне күмәнім бар. Бәлкім, 100 триллион шығар?.. – деген Шерхан атамыздың триллиондап айтқаны шаңына да жоламастай болды. 2017 жылы Қазақстанда нақты қазір табылған, ашылған, қазба байлықтың барлық құны – 3,7 триллион АҚШ доллары болатынын. Геологтардың есебінше, барлық болжамды қазына, байлықтан 10 триллион АҚШ долларына тең екендігі белгілі болды. Камал атамыздың айтқан цифрлары нақты, күмәнданатын зат жоқ екен.
Онда біз сол алтын сандықтың үстінде неге жалаңбұт отырмыз? Ашпаймыз ба сандықты? Малмаймыз ба қолымызды алтын-күміске? – деген сұрақтар шыны керек толғандырады. Дүниежүзілік банк кедейліктің екі шегін қадағалайды: бір адамға күніне орташа табысы төмен елдер үшін $3,2 және орташа табысы жоғары елдер үшін $5,5. Қазақстанда кедейлік шегі 2,8 доллар, Ресейде күніне 6 доллар. Статистикада көрсетілгендей, халықтың кедейлігі мемлекетке тым қымбатқа түседі. ІЖӨ бірнеше есе өскеніне қарамастан, Қазақстан ондаған жылдар бойы кедейлік шегін көтерген жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанның кедейлік шегі әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде. Еуропалық Одақта көптеген елдер кедейлікті орташа табыстың 60 пайызы деп анықтайды.
Ата-бабасынан бері қарай мәңгі-бақи сол жерде өмір сүріп келе жатқан Байқоңырдағы қазақтарға Ресейдің азаматтығын алмаса, жұмыс бермейтін көрінеді. Өз еліңде, өз жеріңде отырып Ресейдің азаматтығын ал, әйтпесе, қайқайып тұр. Екінің бірі екендігін Шерхан атамыз қынжылта жазған. Ең қызығы қазақ елінде орналысқанына қарамастан өз валютамызды Байқоңырда қолдана алмаймыз. Мұхиттың арғы басындағы АҚШ елінің долларын қолдана есептеп, өз теңгемізді құлдыратып алғанымыз ызаны келтіреді екен.
«Сен айтасың: аздаған су болса, химикат болса... деп. Баяғыда бір кедей: шіркін, қос уыс ұн табылса, қол басындай май табылса... бауырсақ пісіріп жер едім деген екен. Кешір, Камал, сен соған ұқсайсың.» - деп сатиралық түрде айтқан Шерхан атамыз".