Подъезде балта ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты
Астана қаласында тұрғын үй кешеннің подьезінде балта ұстап жүрген ер тұрғындарды шошытты. Бұл видео әлеуметтік желілерде тараған. Кейін полиция күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны бөлімшеге жеткізген, деп жазады Оinet.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға ер адамның танысының пәтерінде болған. Сол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, ал ер адамдар бірге алкоголь ішкеннен кейін оның мінез-құлқы өзгеріп, қолына құрылыс құралын алған.
Тәртіп сақшылары құқыққа қайшы әрекетті дер кезінде тоқтатқан. Подъезде жүрген сәтінде ер адам әйнекті сындырып, өзі жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді, ал басқа тұрғындар зардап шекпеген.
Аталған дерек бойынша оған қоғамдық орында мас күйінде жүру және ұсақ бұзақылық баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Қазір ол Астана қаласы полиция департаменті арнайы қабылдау орнында отыр.


