Заңнаманы сақтаудың маңызы туралы талқыланды

Oinet.kz 25-07-2026

Screenshot_6.jpg

Заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыру – құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қоғамның қауіпсіздігін нығайту, қылмыспен күрес тиімділігін арттыру және азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар Шымкент қаласында жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Шымкент қаласының прокуратурасында қала прокурорының орынбасары Д. Айтишевтің төрағалығымен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңес барысында есірткі қылмыстарын саралау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар «дропперлерге» қатысты қылмыстық істер бойынша бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыру, қылмыстық жолмен алынған қаражат пен мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар қолданыстағы заңнаманы тәжірибеде біркелкі қолдану және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты құқық қорғау жүйесінің барлық буыны үшін негізгі басымдық болып табылады. Заң талаптарының барлық азаматтарға бірдей қолданылуы, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты әділ әрі объективті шешім қабылдануы және құқық қолдану тәжірибесінің бірыңғай болуы қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етеді. Әсіресе есірткі қылмыстары мен цифрлық қаржы құралдары арқылы жасалатын заңсыз әрекеттерге қарсы күресте мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұйымдастырушылық шаралар белгіленді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту және қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Шымкент қаласының прокуратурасы алдағы уақытта да заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Азаматтардың интернет кеңістігіндегі құқығын қорғау да маңызды
Заң сақтау – өзгелердің өміріне құрмет көрсету
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу