«STOP-RISK» жобасы жемісін беруде

Oinet.kz 03-08-2026

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «STOP-RISK» жобасы – заң мен тәртіптің сақталуын көздейді. Жоба аясында аудан прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласындағы «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарайтын мінез-құлық қалыптастыру және олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу.

Шара барысында прокуратура, полиция және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері жастармен және олардың ата-аналарымен ашық форматта кездесіп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік, балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең таралу қаупі, киберкеңістіктегі қауіпсіздік ережелері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, психоактивті заттарды қолданудың зияны туралы маңызды ақпараттар берілді.

Мамандар жасөспірімдердің қауіпсіздігі ең алдымен отбасы тәрбиесі мен ата-ананың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың араласатын ортасы мен жүрген жерін тұрақты бақылауда ұстау, заңға бағыну мәдениетін ерте жастан қалыптастыру – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы екені ерекше айтылды.

Қазіргі таңда жасөспірімдер түрлі қауіп-қатерге, соның ішінде интернет-алаяқтыққа, буллингке, зиянды әдеттерге және құқық бұзушылыққа тап болуы мүмкін. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін заң талаптарын құрметтеу  ерекше маңызды.

Іс-шара аясында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, азаматтардың сауалдарына құқықтық түсіндірмелер берілді. Мұндай профилактикалық кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

«STOP-RISK» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Өйткені заңға құрмет, тәртіпке бағыну және бала қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілікпен қарау – қауіпсіз қоғам мен Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың басты кепілі.

Құқықтық тәрбие мен тазалық мәдениеті – жас ұрпақтың басты құндылығы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу