Саяси жаңаруға бағытталған маңызды қадам

Oinet.kz 04-02-2026

Қазіргі кезеңде Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси реформалар қоғам өміріне жаңа серпін беріп, қоғамдық-саяси ұйымдардың жауапкершілігін арттыра түсті. 

image.png

Осы бағытта Қазақстан Халық партиясының Шымкент қалалық филиалы партия белсенділерінің қатысуымен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға арналған ақпараттық-талқылау кездесуін ұйымдастырды.

Аталған жиын тек ресми түсіндірумен шектелмей, ел дамуына қатысты ортақ көзқарасты қалыптастыру алаңына айналды. Кездесу барысында партия өкілдері конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан Халық партиясы үшін әлеуметтік әділдік – басты құндылық. Осыған орай, жиынға қатысушылар саяси жаңғырудың халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы рөліне ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, саяси жүйенің ашық әрі әділ болуы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етудің негізгі тетігі саналады.

Жиын барысында реформалардың түпкі мақсаты билік пен қоғам арасындағы сенімді күшейту екені айтылды. Халыққа есеп беретін басқару жүйесі ғана сыбайлас жемқорлықты азайтып, әлеуметтік мәселелерді жүйелі шешуге мүмкіндік береді деген ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, партия мүшелерінің реформаларды іске асыру барысындағы белсенділігі мен ішкі үйлесімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында партиялық құрылымдардың әлеуетін тиімді пайдалану, нақты міндеттерді айқындау және алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарын белгілеу жөнінде ұсыныстар жасалды. Қатысушылар мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту, сондай-ақ жер мәселесіне қатысты бірқатар бастамаларды көтеріп, оларды партияның орталық аппаратына жолдады.

Алдағы уақытта Шымкент қалалық филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтіп, өндіріс орындарында, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастаманың басты мақсаты – саяси реформалардың мәнін қарапайым халыққа жеткізіп, әр азаматтың ел болашағын қалыптастыруға қатыса алатынын көрсету.

Бұл іс-шара Қазақстан Халық партиясының елдегі саяси жаңғыру үдерісіне белсенді атсалысып отырғанын және демократиялық дамуға қосып жатқан нақты үлесін айқын аңғартты

Атырауда келіні енесін қатігездікпен өлтірді
Шымкент: Медицина академиясында жаңа конституция жобасы түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу