Атырауда келіні енесін қатігездікпен өлтірді
Қызылқоға ауданында қанды қылмыс тіркелді: 82 жастағы төсекке таңылған қарт әйел өз үйінде қатыгездікпен өлтірілді деп жазады Оinet.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, зейнеткер ұзақ уақыт бойы ауыр науқастанып, төсекке таңылған әрі тұрақты күтімді қажет еткен. Қылмыс болған күні үйде марқұм мен оның 38 жастағы келіні ғана болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, келіні асүй пышағымен қарт әйелге шабуыл жасап, басы мен денесіне кемінде төрт рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында жүргізілген сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар оның параноидты шизофрениямен ауыратынын анықтаған.


