Кеден бекеттерінің жұмысы зерделенді

Oinet.kz 26-11-2025 13

Screenshot_3.jpg

Кеден бекеттерінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін болдырмау мақсатында автотұрақ инфрақұрылымын дамыту, көлік ағымын реттеу бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар қолға алынған. Көрші мемлекеттермен экономикалық байланысты арттыратын бұл көлік-логистикасы. Кеден инфрақұрылымын жетілдіру, қызмет сапасын арттыру және көлік логистикасын оңтайландыру бағытындағы облыста жүзеге асырылып жатқан жұмыс барысын бағдарлау үшін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, жұмысшы топтың қатысуымен арнайы кеңес өткізді.

Жиында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы қоғамдық-саяси ахуалдың алдын алу және екі ел арасындағы өзара сенімге нұқсан келтірмеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Үкіметтік селекторлық жиында көтерілген кеден бекеттерінің маңындағы жеке автотұрақтардағы келеңсіз жағдайлар да қаралды. Кеңесте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымына кіретін 8 кеден бекеті және 2 бақылап-өткізу пунктінің жұмысын дамыту ұсыныстар айтылды.

Зұлпыхар Сансызбайұлы жиын соңында тиісті сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, қатаң қадағалауда болатынын жеткізді. Кеден бекеттерінде тәртіпті қамтамасыз етіп, бекеттер аумағында санитарлық тазалықты күшейту тапсырылды. Заңсыз ақша алып, көмектесетін тұлғалардың  әрекеттерін болдырмау шаралары қолға алынады. Көліктер кезегін ақысыз электронды жүйе арқылы реттеп, өткізу уақытын қысқарту қатаң бақыланады.

Іссапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сарыағаш ауданындағы Қазығұрт және Қабланбек кеден бекеттерін, Келес ауданындағы Бауыржан Қонысбаев кеден бекетін, Мақтаарал ауданындағы Атамекен кеден бекетін аралап, жұмысымен танысты. Құзырлы органдармен бірге өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Келес ауданында маңызды инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірдегі ең ірі транзиттік нүктелердің бірі – Бауыржан Қонысбаев кеден бекетінің қызметімен таныстырып, ондағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кеден бекетінде көрсетілетін сервисті жетілдіру, жүк көліктері мен тұрғындардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар бекет маңында заңсыздықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдеріне заңсыз әрекеттермен күресті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімдері инвесторлармен іскерлік байланыс ортантты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу