Түлкібас: Инфрақұрылым жақсарып, көшелер жарығы жаңарды

Oinet.kz 28-11-2025 22

572226422_2920332531690353_2863521760935931713_n.jpg

Түлкібас ауданы әкімі Асқар Естібаевтың ауылдық округ тұрғындары алдында есеп беру жиындары жалғасуда. Кеше аудан басшысы бірнеше ауылдық округте болып, ауыл тұрғындармен кездесіп, өткен 9 айдың қорытындысымен таныстырды.

Мәселен, Састөбе кентінде өткен кездесуде аудан әкімі аудан аумағында және нақты округ көлемінде 2025 жылы атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталып, инфрақұрылым, жол жөндеу, әлеуметтік сала, көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ, алдағы жоспарлармен бөлісе отырып, тұрғындарды бірлесе еңбек етуге, елді мекеннің дамуына, тазалық мәдениетін қалыптастыруға қолдау көрсетуге шақырды. 

Соңғы кездесу Майлыкен ауылдық округінде болды. Жалпы Майлыкен ауылдық округінде бала санының артуына байланысты ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, Қараағашты ауылындағы Дауан орта мектебі қасынан 150 орындық ғимарат тұрғызылуда. Онда қосымша сыныптар мен заманауи спорт және АКТ залдары қарастырылған. Нысанның құрылыс жұмыстарын 2026 жылы аяқтап, тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар бұл ауылда таза ауыз су тапшылығын жою мақсатында ұңғыма қазу жұмыстары іске асуда және «Көк жайлау» шағын ауданының Көкжазық көшесіне ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауылы Бекбосынов, Абиров, Зерде, Құланды, Садықов көшелері және Бақыбек ауылы Достық көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, Пушкин  көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін тиісті қаржы бөлініп, құрлыс жұмыстары жалғасуда. Ал Алмакент және Қонаев көшелерінің бойына ирригациялық лоток орнату жұмыстар жүргізілуде. Қос нысан да алдағы жылға өтпелі. Сондай-ақ Садыков, Рысқұлов, Шамшырақ, Жантуров,  Бекбосынов, Шөке ұлы және Сейдалиев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Бекбосынов және Жүсіпбеков көшелеріне трансформаторлар орнатылған. Жантуров және Жамбыл көшелеріне (орталық базар аумағы) қоршау орнату жұмыстары жүргізілсе, Арыс өзені арқылы өтетін 3 жаяу жүргіншілер көпіріне ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылған (Грицина,Садыков,Жантуров).

Бұдан бөлек, «Күншуақ» шағын ауданындағы Келешек көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары атқарылса, алдағы жылы оған асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Бақыбек шағын ауданында орналасатын 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жалғасын табуда, ол нысан 2026 жылға өтпелі. Сонымен қатар бұл шағын ауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда қаржы бөлу мақсатында  тиісті құжаттары салалық басқармаға ұсынылып отыр. Ал «Нұршуақ» шағын ауданына 590 орындық жаңа мектеп соғы көзделген. Бүгінгі күні жаңа мектептің құрылысын жүргізуге 2,9 гектар жер дайындалған. Жобалық-сметалық құжаттары толық дайындалып, сараптамадан оң қорытындысы алынған. Жалпы округте су тасқының алдын алу мақсатында Қараағашты ауылы Арыс өзенінің бойындағы жағалауды бекіту және өзен арнасын нығайту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Осы және алдыңғы кездесулерде халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан әкімінің жоспарланған есептік кездесулері осымен аяқталды. Кездесулер барысында тұрғындармен ашық диалог орнап, өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды. Әкім әрбір округте атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыс жоспарына түзілді.

Түлкібас: Тұрғындар көтерген мәселелер тұрақты бақылауда
Сауран: Ауданның дамуы тұрғындардың өмір сапасын жақсартумен тікелей байланысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу