Ордабасы: Ауданға тартылған инвестиция 27 миллиард теңгеге жетті

Oinet.kz 19-11-2025 4

422102914_390142293525783_2002995107615699016_n-905x613.jpg

Ордабасы ауданында 2025 жылдың алғашқы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде өсім байқалады. Аудан әкімі Азат Оралбаевтың айтуынша, ауданның жалпы өңірлік өнімі 169,9 миллиард теңгеге жетіп, 42,7 пайыз өсім көрсеткен. Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 17 миллиард теңге болса, тартылған инвестиция 27 миллиард теңгені құрады. Бюджет кірістері 104,1 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 102,6 миллиард теңгеге жетіп, мал басы тұрақты өсім көрсетті.

– Аудан аумағында инфрақұрылымдық жұмыстар ауқымды жүргізілуде: жолдар жөнделіп, ауызсу жүйелері жаңартылып, электр желілері күшейтілді, табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Білім саласында жаңа мектептер мен модульді кабинеттер ашылып, денсаулық сақтау саласында ауруханаға жаңа заманауи жабдықтар орнатылды, ФАПтар жөнделіп, жаңа медициналық пункттердің құрылысы жоспарлануда. Кәсіпкерлік пен инвестиция саласында өндірістік парктер мен кооперативтер дамып, ауыл тұрғындарына несие арқылы қолдау көрсетілуде. Әлеуметтік төлемдер мен көмектер тиісті азаматтарға беріліп, абаттандыру және қауіпсіздік шаралары жүйелі жүргізілуде, – дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар бүгінгі күні ауылдық округтердің әлеуметтік және инфрақұрылым жүйесін жаңғыртуға баса көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар аудан әкімінің халық алдында берген есептік кездесулерінде жан-жақты айтылып, талқылануда. Ауданда аудан әкімінің есеп беруі жаңа басталды. Кездесуге дейін аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбар және Шұбарсу ауыл округтеріндегі инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Шұбар ауыл округінде, Береке ауылында тұрғындардың өтініші бойынша жаңа су ұңғымасы қазылып, қазіргі таңда жер асты су көзін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, Шұбарсу ауылына негізгі газ құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Бұл жоба аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткішін арттыруға арналған маңызды шара болып отыр. Аудан басшысы жобалардың жүзеге асырылу барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын, техникалық процессті көріп, қажетті нұсқаулар берді.

Осыдан кейін Азат Оралбаев  аталған ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Жоғаыда айтқанымыздай алғашқы кездесу Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінде өтті. Аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен таныстырып, соңынан Шұбар және Шұбарсу ауыл округтеріндегі жағлдайға тоқталды. Шұбар ауыл округінде өндірістік-инвестициялық әлеуетті арттыру бағытында нақты істер жүзеге асырылуда. Мұнда 70 гектар жерге өндірістік парк салынып, инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске қосылуы бірнеше кәсіпорынды орналастырып, 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады деп күтілуде.

Шұбарсу ауыл округінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қарқынды жүргізілуде. Мұнда 3 гектар жерге өндіріс нысандары орналастырылуда, оның ішінде полистирол-бетон өнімдерін шығаратын «Kazakh New Technology» зауыты бар. Жоба іске қосылғанда 20 тұрақты жұмыс орны ашылып, аудан экономикасына қосымша табыс әкеледі. Сонымен қатар ауылда орта және шағын жобалар жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылық бағытта 15 гектарға жуық жылыжай кешендері құрылып, алғашқы өнімдер алынуда. Толық іске қосылғанда жылына 4–5 мың тонна көкөніс шығарылады. Сондай-ақ ішкі көшелер жөнделіп, мектеп пен ФАП ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында тұрғындар жолдар мен көше жарығы, қоғамдық көлік қатынасы, санитарлық тазалық, ауызсу, әлеуметтік қызметтер және кәсіпкерлікті қолдау сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімі барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, жауапты қызметкерлерге мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, аудан басшысының алдағы жобаларына сәттілік тілед

Түлкібас: Инфрақұрылым саласында біраз жұмыс атқарылған
Сарыағаш: Құрылыс жұмыстарында қарқын бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу