Туризм саласында шетелдік әріптестермен тығыз әріптестік байланыс орнатылды

Oinet.kz 20-11-2025 6

4d3aad48ba95c0d9e12844d7b9934882_1400x790-q-85.jpg

Түркістан облысында туризм саласы жақсы дамыған. облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, осы жылдың 9 айында туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 57,9 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға өскен. Сондай-ақ биыл ішкі туристер санын 350 мың адамға, шетелдік келуші туристер санын 18  мың адамға жеткізу межеленген.

Бүгінгі күні ішкі туристердің жалпы саны 273,7 мың адамды, ал шетелдік туристердің жалпы саны 19,1 мың адамды құрап отыр. Е-qonaq жүйесіне сәйкес осы жылдың 10 айында өңірге 43802 шетелдік турист келген. Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-10 мемлекет қатарында Өзбекстан, Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Германия, Франция, Тәжікстан, Италия, Индия елдері бар.

Ал осы жылдың II тоқсанының қорытындысына қарайтын болсақ, Түркістан облысындағы орналастыру орындарында демалғандар саны 151 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7 пайызға артқан. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 3,98 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 27 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылдың 10 ай қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 142,7 мың адам саяхаттаса, тарихи орындарға 911,2 мың адам барған.

– Өңірдегі туризмді дамыту мақсатында жуырда облысы әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасында болды. Делегацияның жұмыс сапары Самарқанд облысында қорытындыланды. Делегация екі өңір арасындағы туризм саласындағы әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл сапар аясында Самарқанд облысының хокимі Әдиз Бобоевпен кездесу өтіп, тараптар өзара түсіністік, оның ішінде туризмді бірлесе дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Құжат аясында Түркістан мен Самарқанд облыстары туризм, мәдениет, білім және инвестиция бағыттарында бірлескен жобаларды дамытуға уағдаласты. Меморандумда туризмді дамыту, топтық саяхаттарды көбейту, екі өңірдің туристік орындарын бірлесе насихаттап, саяхатшылар алмасу және өзге де бастамалар қамтылған.

Бұл кездесу барысында Нұралхан Көшеров Түркістан мен Самарқандтың ортақ тарихи және мәдени байланыстарына тоқталып, екі өңірдің туризм әлеуетін біріктіру маңызды екенін атап өткен болатын. Ал Самарқанд облысының хокимі Адиз Бобоев әріптестік орнатып, туризмді бірлесе дамыту бастамасын қолдайтынын, осы бағытта жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.  Делегация мүшелері, сондай-ақ, Самарқандтағы Туризм академиясында жергілікті туроператорлармен кездесіп, өзара тәжірибе алмасу және туристік ағымды арттыру мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, «Silk Road Samarkand» туристік кешенінің басшылығымен кездесті. Сөйтіп спар қорытындысы бойынша тараптар өңіраралық байланыстарды дамыту және облыстардың біртұтас туристік кеңістігін қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті, – дейді облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.

 Оның сөзінше, 2025 жылдың 9 айында Түркістан облысына көрші елдерден 830 мың турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 пафзға көп. Оның ішінде Өзбекстаннан келетін туристер саны да айтарлықтай артты. Егер 2024 жылы 12,5 мың өзбекстандық азамат келсе, биылғы 9 айда олардың саны 26 мыңнан асып отыр.

Жалпы облыстың туристік әлеуетін таныстыру мақсатында жыл басынан бері Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Қытай елдерінің үздік 113 туркомпаниясына ақпараттық тур ұйымдастырылған. Сонымен қатар Түркияның «Albayrak Media Group», «TGRT», «TRT» телеарналарына, Белгияның «Porschist magazine» журналына, Ұлыбританияның «Travel Weekly», «The Telegrap», «The Week», «The Times», «Regent Holidays» және саяхат журнал өкілдеріне және «EuroNews» интернет порталына өңірдің туристік әлеуеті таныстырылған.

5 жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды немес қауіп-қатерсіз, бейбіт өмір – әр адамның арманы
Ордабасы ауданы мен Қытай елі арасында экономикалық байланыс арта түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу