Келес: Білім және спорт нысандары пайдалануға берілді

Oinet.kz 12-11-2025 4

Screenshot_6.jpg

Келес ауданында құрылыс саласында жүзеге асырылып, бүгінгі күні ел игілігіне беріліп жатқан жобалар көп-ақ. Атап айтсақ, жуырда Келес ауданының Абай ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Келешек мектептері» жобасы аясында бір білім ошағы пайдалануға берілді. Жаңа мектептің сыйымдылығы 600 орындық. Бұл №65 жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровте арнайы қатысқан болатын.

Жалпы Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 29 «Келешек мектебі» салынып жатыр. Оның ішінде өткен жылы – 13, биыл 10-нан аса  мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектеп пайдалануға беру жоспарлануда.  

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан Абай ауылындағы білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектепте спорт залы, мәдениет залы, асхана, коворкинг алаңдары, кітапхана, мәжіліс залы, арнайы пән кабинеттері мен шеберханалар бар. Сондай-ақ оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына арналған ашық футбол алаңы да қарастырылған.

                Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Республика көлемінде «Келешек мектептері» жобасы аясында салынатын 217 мектептің 29-ы немесе 13 пайызы біздің өңірде бой көтерді.  Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 16 мектепті тапсыру жұмысы аяқталып келеді. Осы жоба арқылы Келес ауданында осымен үшінші мектеп іске қосылуда. Бұл аудан өзіндік тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленеді. Сондықтан да мұндағы әрбір игі бастама ел рухын көтеріп, жас ұрпаққа тағылым берері анық. Жаңа мектепте білім алған оқушылар еліміздің сенімін ақтай берсін!» – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров сөзінде.

Бұдан бөлек, Абай ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 250 орындық спорт кешені ашылды. Бұл нысанның да ашылуына облыс әкімі қатысты. Заманауи спорт кешенінің жобалық құны 1,8 миллиард теңгені құрайды. Мұнда 250 жанкүйерге арналған жарыс залы, волейбол, баскетбол, күрес, аралас жекпе-жек, бокс залдары қарастырылған. Жаттығу өткізіп қана қоймай, ірі жарыстар өткізуге болады. Жалпы облыс көлемінде 102 спорт нысанын салу жоспарланса, бүгінгі күні 66-ы нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген. Олардың қатарында ескек есу каналы, 5 спорт кешені, спорт залдар мен алаңдары және  футбол манеждері бар.

«Президентіміз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын нығайтуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындап берді. Президент тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде өңірімізде жаңа спорт нысандары бой көтеріп, жастардың спортпен тұрақты түрде айналысуына қолайлы жағдай жасалуда. Келес ауданында пайдалануға беріліп отырған 250 орындық бұл заманауи спорттық-сауықтыру кешені аудан тұрғындарының спортпен айналысуына және кәсіби спортшылардың шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді деген сенем бар. Біз спорт саласын дамытуға және жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береміз. Өйткені ұлттың денсаулығы – елдің ең қымбат байлығы», – дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ Келес ауданында өңірдің туристік әлеуетін көтеру, демалыс және сервистік нысандар санын көбейту бағытында нақты істер қолға алынуда. Атап айтсақ, ауданын көлемінде жалпы құны 21,5 миллиард теңгені құрайтын  5 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар іске қосылғанда 1060 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Биылдың өзінде бірнеше жаңа нысан ел игілігіне берілді. Соның бірі – кәсіпкер Қонысбаевтың қонақ үйі. Құны 285 миллион теңгені құрайтын нысан осы жылдың екінші тоқсанында іске қосылып, 5 адамға тұрақты жұмыспен қамтыған. Демалыс пен отбасылық серуенге арналған тағы бір нысан – Сапарбековтың аквапаркі. Құрылыс жұмысына 100 миллион теңге жұмысалған бұл демалыс орны да биыл жұмысын бастап, 5 тұрғынды жұмыспен қамтыған.

Ал Абай ауылында жаңа тойхана мен мейрамхана құрылысы қарқын алған. Кәсіпкер Ерденбаевтың 800 миллион теңгелік тойханасы мен Дүйсебаевтың 500 миллион теңгеге салынған мейрамханасы аяқталған соң, 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аудан көлеміндегі ең ірі жоба – «Нұрполат» көпбейінді ауруханасы. Құны 20 миллиард теңге болатын бұл заманауи медициналық орталық 2026 жылдары пайдалануға беріледі. Аурухана іске қосылғанда 1000 адамға жұмыс орны ашылмақ.

Облыста 66 спорт нысаны пайдалануға берілген
Кентау қаласы: Жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу