«Отбасын қолдау орталығы» құқықтық көмек көрсетеді

Oinet.kz 24-10-2025 24

1.jpg 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ биылғы алғашқы 9 айда 189 азаматқа — оның ішінде 102 әйелге және 87 ер адамға — әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Атап айтқанда, 92 азаматқа әлеуметтік көмек, 39 азаматқа құқықтық көмек, 58 азаматқа психологиялық қолдау ұсынылды. Қажет болған жағдайда тиісті қызметтерге бағытталу қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, орталықтың уақытша тұрғын үй ұйымына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар 1 отбасы, өмірлік қиын жағдайға тап болған 1 отбасы және 8 жасөспірім орналастырылып, оларға кешенді психологиялық-құқықтық қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда 7 жасөспірім Сайрам ауданындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» КММ-не жіберілді, ал 1 отбасының жағдайы түзеліп, отбасы ішіндегі ахуал тұрақтанған.

«Мектепке жол» акциясы аясында 10 отбасының балалары мектеп формалары мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтау және қолдау көрсету мақсатында ауданның 11 ауылдық округі зерттеліп, көмек қажет ететін 105 адам анықталды. Нәтижесінде: 17 адамға бір жолғы әлеуметтік көмек, 3 адамға атаулы әлеуметтік көмек, 10 отбасына демеушілер есебінен азық-түлік көмегі, 10 отбасының балаларына мектеп формасы мен оқу құралдары, 4 адамға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша сауықтыру орнына жолдама беріліп, қызмет көрсетілді.

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында 17 жағдай тіркеліп, әрбір отбасымен психологиялық және құқықтық түзету жұмыстары жүргізілді. Аудандық полиция бөлімі, аурухана және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, 11 ауылдық округте «Зорлық-зомбылықсыз әлем», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Отбасы – бақыттың кілті», «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» және басқа да тақырыптарда 57 іс-шара өткізілді. Адам көп жиналатын орындарда 1611 ақпараттық үнпарақ таратылып, 33 азаматтан сауалнама алынды. Сонымен бірге пробация қызметі есебіндегі 30 азаматпен (29 ер, 1 әйел) тұрақты психологиялық және құқықтық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, олардың 18-іне психологиялық қолдау көрсетіліп, 8 азаматқа 10 АЕК (39 320 теңге) көлеміндегі бір жолғы қаржылай көмек берілді.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 14 фактісі анықталып, тиісті отбасылармен профилактикалық, психологиялық және заңгерлік жұмыстар атқарылды.

Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев мемлекеттік деңгейде «заң мен тәртіп қағидасының орнықты болуын» және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін үздіксіз атап келеді. Мысалы, ол «Екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейді» деген пікірін білдіріп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын» деген болатын. Сондай-ақ, президенттің айтуынша, соңғы екі жарым жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 300 адам қаза тапқан. Бұл дерек елімізде барынша кешенді алдын-алу, құқықтық қорғау және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, республикада «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заңның қабылданғанына бір жыл толғаны туралы мәлімет бар.

 Бәйдібек ауданының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің аталған жұмыстары – мемлекеттік саясаттың, заң-құқықтық базаның және әлеуметтік қызметтердің бірлескен жүйелі іске асуының көрінісі. Отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте анықтау және қажетті қолдауды ұсыну – заманауи мемлекет қызметінің басты бағыттарының бірі. Ал «заң мен тәртіп» қағидасының аясында қоғамда әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен абыройы қорғалуына ерекше мән беріледі.


Қазақстанда мақта терімі аяқталуға жақын
Қауіпсіз жол – қауіпсіз қоғамның кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу